ЕРДОҒАН АНТАЛИЯ МЕН СТАМБҰЛДАН АЙЫРЫЛДЫ

ЕРДОҒАН АНТАЛИЯ МЕН СТАМБҰЛДАН АЙЫРЫЛДЫ

ЕРДОҒАН АНТАЛИЯ МЕН СТАМБҰЛДАН АЙЫРЫЛДЫ
ашық дереккөзі
286
Түркияда бүкіл ел бойынша өткізілген муниципалдық сайлаудың қорытындысы шықты.  Реджеп Тайып Ердоғанның билеуші партиясы оппозициялық партиядан жеңіліс тапты. Басты себеп – Түркияның астанасы Анкара және Стамбұл тұрғындарының көп бөлігі дауыстарын президент партиясына емес, оппозициялық партияға беруі. Жоғары сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, Стамбұл мэрін сайлауда Ұлттық оппозиция партиясының кандидаты Екрем Имамоғлы жеңіске жетті. Ал партияның тағы бір өкілі Мансур Яваш Түркия астанасының мэрі болып сайланды. «Түркия халқы өз таңдауын жасады, себебі көп салаға жаңаша көзқарастар мен өзгерістер керек. Халық ескі буын саясаткерлерінің орнына жаңа ұрпақтың келуін қалайды»,– дейді сайлауға қатысқан Анкара тұрғындары. Сарапшылардың айтуынша, елдің біраз бөлігінде экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты Ердоған партиясының беделі ірі қалаларда төмендеген. «Бұл жағдай керісінше, президент Ердоғанға келесі президент сайлауына дейін қалыс кеткен түйткілдерді шешу үшін жақсы мүмкіндік туғызып отыр. Оппозиция елді басқаруға қатысады, осының арқасында саяси шиеленістер азаяды. Келесі төрт жылда Түркияда сайлау өткізілмейді, сондықтан бұл президент үшін  таптырмас мүмкіндік. Қазіргі жағдайды көріп, алдағы уақытта Ердоған халықтың әл-ауқатын арттыратын экономикалық және саяси реформалар жүргізеді, Түркияның шет елдермен қарым-қатынасын жақсартуға күш салады», – дейді саясаттанушы Озгур Юнлюхисарджиклы. Өз кезегінде, Реджеп Тайып Ердоған да халқына үндеу жолдады. Онда президент елде өзгерістер кезеңі басталатындығын, сондай-ақ, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат мәселелері оң шешімін табатындығын айтты.

Аяулым Бақытқызы

 

Серіктес жаңалықтары