Volkswagen 23 млн. доллар айыппұл төлейді

Volkswagen 23 млн. доллар айыппұл төлейді

Volkswagen 23 млн. доллар айыппұл төлейді
ашық дереккөзі
456

Volkswagen концернінің басы әлі де даудан арылмады. Енді Бразилия билігі қоршаған ортаны қорғау бойынша Іbama ұлттық агенттігінің аталмыш неміс концерніне 23 миллион доллар айыппұл салғанын мәлімдеді. 

Volkswagen концерніне бағдарламалық қамтумен ауаға зиянды заттардың бөліну көлемін азайту мақсатында астыртын әрекеттер жасағаны үшін көлемді айыппұл салынып отыр.

Айта кетейік, Бразилия Volkswagen неміс концерніне айыппұл салып отырған алғашқы ел емес. Бұған дейін АҚШ Volkswagen компаниясына 1,8 миллиард доллар айыппұл салатындығын ескерткен болатын. Өйткені аталмыш концерн шығарған көліктердің азот тотығын шығару деңгейі АҚШ-та бекітілген нормадан 40 есе артық екен. Құрама Штаттарда сатылған Volkswagen-нің мұндай ақауы бар көліктерінің үлесі 26 пайызға жеткен. АҚШ билігі Volkswagen компаниясынан америкалық автонарықтағы 500 мың көлікті қайтарып алуын талап еткен болатын. Неміс концернін АҚШ-тың да бұл алғашқы айыптауы емес. 1973 жылы Американың қоршаған ортаны қорғау агенттігі зиянды қалдықтарды шығару деңгейін тексеру барысында Volkswagen компаниясының алаяқтығын әшкере еткен. Ол кезде концерн 25 мың ақауы бар көлікті сатып үлгерген еді. Есесіне, Volkswagen 120 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төледі.

Жалпы, Volkswagen концерні 2009 жылдан бері дизель отынымен қозғалатын 11 миллион көлік түрін шығарыпты. Бірақ олар экологиялық қауіпсіздік талаптарын ескермеген. Компания көліктерінің кемшілігіне қатысты ең әуелі АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігі мен Калифорнияның әуе ресрстары кеңесі мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, Volkswagen компаниясы Солтүстік Америкада нақ осы дизельмен жүретін көліктерін саудалау үшін арнайы жарнама жасап келген. Яғни, компания бұл көліктерді экологиялық таза және бензинмен жүретін көліктерге қарағанда үнемді деп таныстырған. Расында да, дизельді қозғалтқыштар көмірқышқыл газын аз шығарады, есесіне, ол көліктерден шыққан азот тотығы адам денсаулығына зиянды.

Серіктес жаңалықтары