382
Халық санағын жүргізуге 30 мың адам жұмылдырылады
Халық санағын жүргізуге 30 мың адам жұмылдырылады
Жалпыұлттық халық санағына 30 мыңға тарта интервьюер жұмылдырылады. Бұл туралы мемлекеттік статистика тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Халық санағы аясында 30 мыңға тарта интервьюерді жалдайтын боламыз. Осы орайда Еңбек министрлігімен бірге тиісті бұйрық бар, онда жұмыс істейтін адамдардың еңбегін төлеу мәселелері ескерілген. Жалақы бюджетте қамтылған және осы адамдарды жалдау шараларын өңірлік органдармен жүргіземіз», - деді Н. Айдапкелов.
Сонымен қатар ол халық санағын жүргізуге тартылатын адамдарға тиісті талаптар қойылатынын атап өтті.
«Егер адам қойылған талаптарға сай келсе, оны жұмысқа алып, оқытамыз. Осы мамандармен бірге біздің қызметкерлер де болады, яғни мәліметтерге қатысты қажетті салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді. Жалданатын адамдардың еңбекақысы түрлі санатқа қарай өзгеріп тұрады, 60 мыңнан 85 мың теңге аралығында болады», - деді Нұрболат Айдапкелов.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпыұлттық халық санағы елімізде 2020 жылы өткізіледі.