Атыраудағы Қызылқоға ауданында да балық қырылып жатыр

Атыраудағы Қызылқоға ауданында да балық қырылып жатыр

Атыраудағы Қызылқоға ауданында да балық қырылып жатыр
ашық дереккөзі
440
Атыраудағы Қызылқоға ауданында да балық қырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Миялы селосында Ойыл өзенінің Көздіқара сағасында өлген балықтар мұз ерігеннен кейін жағаға шыққан. Бұлар кішкентай карась (мөңке) балықтары. Қазір еріктілер тобы құрылды. Жағада балықтарды жинау үстіндеміз», - деді аудан әкімі Арман Баженов. Сонымен қатар, балықтардың өлексесі зертханаларға жіберіліп, нақтылығы әлі де анықталады. Айта кетелік, әлеуметтік желілерде Қызылқоға ауданындағы Миялы селосында өлген балықтардың жағаға шығып қалғаны туралы бейнежазба жарияланған болатын.  

Серіктес жаңалықтары