Тарихи әрі әділетті шешім

Тарихи әрі әділетті шешім

Тарихи әрі әділетті шешім
ашық дереккөзі
Алматы облыстық партия филиалы  барлық бастауыш партия ұйымдарының қатысуымен өткен форумда Елбасының есімін бас қалаға беру туралы ой-пікірлер айтылды. Форумға облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Мырзабекұлы  Дүйсембинов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ермек Әбілмәжінұлы Келемсейіт, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық партия филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, барлық деңгейдегі  мәслихат депутаттары қатысты. Жиынға қатысушылар бұл бастаманы тарихи әрі әділетті шешім деп бағалады. Өйткені  мемлекеттің негізін қалаушы тұлғалардың есімдерін ел тарихында мәңгі  қалдырған мұндай оқиғалар әлемдік тарихта жиі кездеседі. Партияның Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар  Төлендіұлы өз сөзінде: «Әлемнің маңдай алды саясаткерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы және жаһандық, өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде біледі. Астананың өзіндік  архитектуралық стилі қалыптасты, көптеген жаңа ғимараттар бой көтерді. Өзінің жаңа ауданы бар ЭКСПО көрме кешені пайда болды. Астана жағымды туристік дестинацияға айналды. Бұл жетістіктер Қазақстанның Тұңғыш  Президенті, Елбасымен стратегиялық тұрғыда жоспарланып, жүзеге  асырылды. Осы ретте астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту бір жағынан Елбасының еңбегіне лайықты құрмет көрсету болса, екінші жағынан Елбасы  саяси бағытының сабақтастығының кепілі болып табылады», – деді.