Жаркент маңындағы апаттан 3 адам қаза тапты

Жаркент қаласының маңындағы тасжолда жол апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz  полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

25 наурызға қараған түні Алматы – «Қорғас» автожолының 313-шақырымында Audi 100 мен Toyota Camry көліктері соқтығысқан.

«Оқиға орнында Toyota жүргізушісі қаза болды. Екі жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Сонымен қатар, Жаркент ауруханасына тағы үш адам жеткізілді», – деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, апаттан соң сараптама жасалған, қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Back to top button