25 Наурыз 2019, 12:00 653 0 Қауіпсіздік Назым Тойлыбаева

Қараусыз қалған шахтада  3 ер адамның денесі табылды

Алматы облысы Текелі қаласындағы қараусыз қалған шахтада үш ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Өңірлік ТЖД өкілдерінің мәліметінше, олардың денесі 24 наурызда таңғы уаықтта шығарылған.

«Қаза болғандардың денесі 25-30 градус еңістегі көлденеңінен 350 метр қашықтықта табылды және Алматы облысы ТЖД құтқарушылары шығарды, олар қауіпсіздік мақсатында арнайы жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталды», - деді Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.

Осы дерек бойынша өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар