Қоғамдық шараларға ішімдік апаруға болмайды

Қоғамдық шараларға ішімдік апаруға болмайды

Қоғамдық шараларға ішімдік апаруға болмайды
ашық дереккөзі
236

Мәжіліс депутаттары  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенаттың енгізген түзетулерін мақұлдады.

Аталмыш заң жобасына Сенат депутаттары тарапынан 5 түзету енгізіліпті. Оның бірі – алкоголь өніміне, коньяк, бренди, шарап, шарап материалы, сыра және сыра сусынынан басқа акциздер ставкасын қайта қарау. «Айта кетерлігі, заң жобасы Мәжілісте қаралғанда Кеден одағындағы әріптес елдерде қабылданғандай, алкоголь өніміне салықтың қолданыстағы акциз ставкасын келесі үш жылға өзгеріссіз қалдыру жөніндегі түзету депутаттар тарапынан енгізілген. Бірақ ол уақытта Үкімет ондай шараға дайын болмағандықтан, өзінің қорытындысымен Мәжіліс депутаттарының бастамасын қолдамады. Заң жобасын Сенатта қарау барысында Үкімет өз шешімін қайта қарап, алкоголь өніміне акциз ставкасын күтіліп отырған 30 пайыздық өсімнен Сенатпен ұсынылған қолданыстағы ставканы 10-ға емес, 15 пайызға ұлғайту жөнінде шешім қабылдады. Осыған орай, Сенат енгізген түзетулермен келісуге болады деп есептейміз», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты Серік Оспанов.

Сондай-ақ, бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-ша­ралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да мақұлданды. Депутаттар заң жобасын талқылау барысында түрлі ұсыныстарын білдірді. «Шараларға ішімдік өнімдерін, металл заттар мен шыны ыдыстарды әкелуге тыйым салу ұсынылды. Сахнаға, аренаға, спорт алаңдарына, сонымен қатар, көрермендер отырған жерлерлің барлығына адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін заттарды лақтыруға тыйым салу туралы түзетулер енгізілді» – дейді депутат Мұхтар Тінікеев.

Серіктес жаңалықтары