Жалған ақпарат бергені үшін 6 жылға сотталды
Жалған ақпарат бергені үшін 6 жылға сотталды
Алматы қаласында 9 рет теракт туралы жалған ақпарат берген азамат 6 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kazinform ақпараттық агенттігі.
Үстіміздегі жылдың 19 тамызында алматылық 35 жастағы Клещатов В.С. 112 кезекші пультіне 9 рет қоңырау шалған. Күндізгі сағат 11.25-те ұялы телефоннан бірнеше мәрте хабарласқан азаматтың мақсаты – «жарылғыш заттың қойылғандығын хабарлау» болыпты. 9 рет кезекші пультке қоңырау шалған алматылық азамат бірер сағат ішінде қалада теракт болатындығы туралы ақпарат береді. Жедел әрекетке кіріскен құзырлы орган қызметкерлері Клещатов В.С. хабарлаған орыннан ешқандай жарылғыш зат таппады. Сөйтіп, жалған ақпарат берген азамат №2 Бостандық аудандық сотының шешімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша айыпты деп танылды. Бұрын сотталмаған азамат енді 6 жылын темір торда өткізеді.