Парламент Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсынысты мақұлдады

Парламент Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсынысты мақұлдады

Парламент Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсынысты мақұлдады
ашық дереккөзі
Қазақстан Парламенті Астананың атауын өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың - 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында. Бұған дейін Астана атауының референдумсыз өзгеруі мүмкін екені хабарланған еді. Оның алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды. «Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: біздің елордаға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.