Жалақы көлемі артпақ

Жалақы көлемі артпақ

Жалақы көлемі артпақ
ашық дереккөзі
273

Елімізде жалақы көлемі артпақ. Бұл туралы кеше Астана қаласы әкімдігінде өткен жиында белгілі болды. Аталмыш жиында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Еңбек кодексінің нормаларын түсіндірді.

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы жалақы мөлшері денсаулық сақтау саласында – 28 пайыз, білім саласында – 29 пайыз, өзге салаларда – 40 пайызға дейін көтеріледі екен. Ал қызметкерлердің жалақысы оның білімі мен біліктілік деңгейіне, еңбек өтіліне және өзге де талаптарға сай есептеледі. Жиында Тамара Дүйсенова: «Еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін енгізгеннен кейін біліктілігіне байланысты негізгі персонал қызметкерлерінің жалақысы сараланып арттырылуы күтілуде. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында – 7 пайыздан 28 пайызға дейін, білім беру саласында – 15-тен 29 пайызға дейін, ал өзге салаларда – 8-ден 40 пайызға дейін көтерілуі күтілуде», – деп атап өтті.

Серіктес жаңалықтары