364
Ғизат Нұрдәулетов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды
Ғизат Нұрдәулетов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Өкімімен Ғизат Нұрдәулетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Ғизат Дәуренбекұлы еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасында тергеуші болып бастаған. Мемлекеттік тергеу комитетінде 1996 - 1997 жылдары қызмет атқарған. 1997 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. Сонымен қатар департамент бастығының орынбасары, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департамент бастығы, Тергеу департаменті бастығы лауазымында болды. 2016 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды. 2017 жылы шілде айынан бастап соңғы тағайындалуына дейін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.