247
Мозамбикте су тасқыны салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты
Мозамбикте су тасқыны салдарынан 60-тан астам адам қаза тапты
Соңғы бірнеше күн ішінде Мозамбиктің орталық және солтүстік бөліктерінде болған су тасқыны салдарынан 66 адам қаза тапты. Бұл жайлы сәрсенбі күні France-Presse агенттігі хабарлады.
«Су тасқыны салдарынан 66 адам қаза тапты. Билік толассыз жауын мен бейсенбі немесе жұма күндері елге жетуі ықтимал Идай тропикалық дауылының жақындауына байланысты қауіптіліктің «қызыл» режімін енгізді», - деп мәлімдеді Мозамбик үкіметінің ресми өкілі Ана Комоноа.
Биліктің мәліметінше, табиғи апат кезінде 6 мыңға жуық үй мен 100 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жер алқабын су шайып кеткен, 140 мың адам зардап шекті. Болған оқиғаға байланысты билік Замбезия және Тете провинцияларында тұрғындарды орналастыруға арналған 16 орталық ашқан. Үкімет сондай-ақ, су тасқынынан зардап шегу қаупі бар жақын маңдағы аудан тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіруді бұйырды.
Ақпарат көзі:kazinform.kz