Венесуэлада әскерилер мінген ұшақ апатқа ұшырады

Венесуэлада әскерилер мінген ұшақ апатқа ұшырады

Венесуэлада әскерилер мінген ұшақ апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
Венесуэланың шығысында Боливар штатында дүйсенбі, 11 наурызда Cessna 206 жеңіл ұшағы апатқа ұшырады. Бортта елдің әскери күштерінің үш полковнигі мен бір сержант болған, деп хабарлайды ҚазАқпара El Nacional-ға сілтеме жасап. Ұшақтың Гран-Сабана ауданында құлағаны аталып өтілген. Әзірге әскери қызметшілердің аман қалғаны немесе мерт болғаны белгісіз. Әуе кемесінің неліктен құлағаны да жарияланбады. Ұшақ Aerotransporte La Montaña-ға тиесілі.