327
Трамп дуал құрылысына тағы 8,6 миллиард доллар сұрайды
Трамп дуал құрылысына тағы 8,6 миллиард доллар сұрайды
АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Конгрестен Мексикамен шекарадағы дуал құрылысына тағы 8,6 миллиард доллар сұрайды, деп жазды centralasian.org.
Өткен жылдары шекараны қорғауға қатысты жобаларға бұдан алты есе аз қаржы жұмсалған. Трамптың бұл талабы өткен жылдың соңында елде "шатдаунға" – мемлекеттік мекемелер жұмысының уақытша тоқтауына әкеп соқытрған.
The Washington Post мәліметі бойынша, дуал құрылысына қажетті 5 миллиард долларды Трамп ішкі істер қауіпсіздігі министрлігінен, 3,6 миллиард долларды қорғаныс министрлігінен алуды көздеп отыр.
Демократтар бұл құрылысқа қарсы шығып отыр. Олар Өкілдер палатасын бақылауда ұстап отырғандықтан, президент ұсынысының орындалуы екіталай.
Мексикамен арадағы шекарада дуал тұрғызу туралы уәдені Трамп 2016 жылы сайлау қарсыңында берген.