Еуропа АҚШ азаматтарына виза енгізді

Еуропа АҚШ азаматтарына виза енгізді

Еуропа АҚШ азаматтарына виза енгізді
ашық дереккөзі
2021 жылдан бастап АҚШ азаматтары Еуропаға визамен барады. CNN басылымының жазуынша, Еуроодақ жұма күні Шенген аймағына кіру үшін америкалықтарға жаңа типті виза алу керектігін хабарлады. «Бүгінгі таңда АҚШ азаматтары Еуроодаққа 90 күнге дейін визасыз бара алады. Бірақ 2021 жылдан бастап  26 еуропалық мемлекет кіретін Шенген аймағына бару үшін АҚШ азаматтарына виза алу міндеттеледі», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, ETIAS атты визаны алған АҚШ азаматтары үш жылда Еуропа жеріне қанша қаласа да кіріп шыға алады. «Бұл қауіпсіздік шараларын арттырып, заңсыз миграция мен терроризммен күрес мақсатында жасалып отырған шара», - деді Еуроодақ өкілдері.   Ақпарат көзі: kazinform.kz