Күләш Шәмшидинова: оқулықтарда кемшіліктер бар

Күләш Шәмшидинова: оқулықтарда кемшіліктер бар

Күләш Шәмшидинова: оқулықтарда кемшіліктер бар
ашық дереккөзі
Мектеп оқулықтарында кемшіліктер бар. Сондықтан оқулықтарды басып шығаруға жіберген кезде, қоғамның сынына қалады. Осылай деп Қазақстанның жаңадан тағайындалған білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді. «Көріп тұрсыздар, оқулықтарда кемшіліктер бар. Бірер күн бұрын ресубликалық комиссия жұмысын аяқтады. Комиссия кейбір оқулықтарды қайта түзетуге жіберді», - деді Күләш Шәмшидинова. Министрдің сөзінше, оқулықтар басып шығаруға жібермес бұрын, былтырғы жылдағыдай қоғам талқылауынан өтеді. «Мәселен, концептуалдық негізде білім беретін фин білімін білеміз. STEAM-білім беру деген бар, яғни математика, информатика, химия, физика және биология пәндерінің интеграциясы. Осының есебінен балалардың сабағын жеңілдетуге болады. Пәндер бірін-бірін қайталамай, оларды дамытуға арналу керек», - деп мәлімдеді білім министрі. «Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибе орталығының мәліметі бойынша, Қазақстанда былтыр 2412 кітап мақұлданып, 1613 оқу құралы комиссия іріктеуінен өтпеген.