«Реалдың» бұрынғы президенті Рамон Кальдерон Криштиану Роналдудың клубтан не үшін кеткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Кальдеронның мәлімдеуінше, Роналду клубтың қазіргі басшысы Флорентино Пересмен қарым-қатынасы нашар болған. Салықтан көзі ашылмаған португалдық ойыншы Перестен жалақысын көбейтуді сұраған, алайда ол бас тартқан. Сонымен қатар шабуылшыға «Реал» басшылығының Неймармен келіссөздер жүргізуі туралы сөздері ұнамаған екен.
Жүктелуде...