317
Әкімдік қызметкерлерінің жалақысы өседі
Әкімдік қызметкерлерінің жалақысы өседі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті жерде халықпен жұмыс жасайтын мемқызметшілердің жалақысын көтереді тапсырды.
«Жергілікті атқарушы органдарда төменгі сатыда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көтеруіміз керек. Олар облыстар, аудандар мен ауылдарда халықпен тығыз жұмыс істейді. Сондықтан осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға көтеруді тапсырамын. Әйтпесе, бізде орталық пен аймақтардың жалақысы жағынан қатты айырмашылық бар. Ондай қызметкерлерге қолдау жасауымыз қажет», - деді Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде. Президенттің айтуынша, әкімдік қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 2019-2021 жылдары аралығында қосымша 980 миллиард теңге бөлінеді.