365
Көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады
Көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады
Көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Съезд барысында Елбасы Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасын кеңейтіп, оның аясында көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Бұл шараға жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады. «Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылардың ішіндегі аз қамтылған отбасыларға басымдық бере отырып 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа таяу 7 жылда жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.