Берлин кинофестивалінің үздік фильмі анықталды

Берлин кинофестивалінің үздік фильмі анықталды

Берлин кинофестивалінің үздік фильмі анықталды
ашық дереккөзі
Германияда өткен халықаралық Берлин кинофестивалінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». Басты кинопремия алғаш рет Израильге жіберілетін болды. Биыл «Алтын аю» мен «Күміс аю» басты жүлделеріне 17 картина күресті. Жульет Бинош француз актрисасының төрағалығымен және израильдік режисер Надав Лапидтің түсірген «Синонимы» фильмі «Алтын аю» жүлдесіне ие болды. Туындыда израильдік тұрғынның өмірі бейнеленген. Ал «Қош бол, ұлым!» атты филімінде рөлді сомдаған қытайлық Юн Мэй «ең үздік актриса» деп танылып, «Күміс аю» жүлдесін иемденсе, «үздік режисер» номинациясына неміс режиссёр Ангела Шанелек иемденді . Айта кетейік, Берлин кинофестивалінде биыл 400 фильм көрсетілді. «Мұндай жетістікке жетуім мен үшін өте маңызды. Бұл фильм мені қуанышқа бөледі десем де болады. Көрермендер ашу, кек пен жек көрушілік адам түсінігінің ажырамас бөлігі екенін ұғады деп ойлаймын. Алғысым шексіз. Тіпті жүлде алам деп ойламағам», – деді  «Алтын аю» жүлдесінің иегері, режиссёр, Надав Лапид.