656
Серік Жұмағарин: «Жынымды келтірмеңізші!» дегенім үшін кешіріңіздер!
Серік Жұмағарин: «Жынымды келтірмеңізші!» дегенім үшін кешіріңіздер!
Аtameken Business арнасының журналисі Арай Сүгірбайдың коммуналдық тарифтерге қатысты қойған сұрағына ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұмағарин қатты шамданып «ЖЫНЫМДЫ КЕЛТІРМЕҢІЗШІ!» деп өте дөрекі жауап бергені әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Қазақ мұндайда «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» деуші еді. Былтыр қарашада өткен қауіпсіздік кеңесінде дәл осы тариф мәселесіне қатысты Елбасыдан сын естіген вице-министрдің «тариф» десе әлі күнге дейін жыны келетін сияқты. Не керек, Жұмағарин мырза журналистерден кешірім сұрап құтылыпты.
– Мен журналиске дөрекі сөйлегенімді мойындаймын және осы әрекетім үшін өкінемін. Сондықтан журналистерден ресми түрде кешірім сұраймын. Сол сұхбатымда айтқандай журналистердің барлық сұрақтарына жауап беруге дайынмын.