Құлағындағы оқпен 11 жыл өмір сүрген Харрис

Құлағындағы оқпен 11 жыл өмір сүрген Харрис

Құлағындағы оқпен 11 жыл өмір сүрген Харрис
ашық дереккөзі
28 жасар Ұлыбритания тұрғынының құлағынан пластик оқ табылған. Джейд Харрис құлағындағы оқпен 11 жыл бойы өмір сүрген. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасай отырып Baq.kz хабарлайды. 11 жыл бойы құлағының нашар еститініне шағымданып жүрген Джейд Харриске таныстары дәрігерге баруға кеңес береді. Өткен жылдың шілде айында Харрис оң құлағына су кіріп кетуіне байланысты маманның тексеруінен өтеді. Дәрігерлер оның сол құлағынан бөгде затты байқап, оны шығарып алады. Сөйтсе, Джейд Харристің құлағын талай жылдар бойы пластик оқ бітеп келіпті. Пластик оқты көрген сәтте осыдан 11 жыл бұрын үйіне достарын шақырып, олармен ойыншық тапаншамен оқ атып ойнағанын еске түсірген.  «Оқтың бірі үстелде тұрған стақанға тиіп, одан соң менің құлағыма тигенін білемін. Алайда ол оқ еденге құлағандай болып көрінген. Мен құлағымның ауырғанын оқ соққысынан болған шығар деп жорамалдадым», – дейді Харрис.