Газет тарихы – ел тарихы

Газет тарихы – ел тарихы

Газет тарихы – ел тарихы
ашық дереккөзі
«Түркістан»  халықаралық газеті Тәуелсіздіктің елең-алаңында ел тынысын кеңейтіп, тіл тұсауын, ой шідерін ағытты. Ұлттық рухтың ұстынға айналуына жол ашты. Сондықтан да «Түркістанды» азат кезеңдегі қазақ елінің өсіп-өркендеу жолының шежіресі дейміз. Газеттің басында Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың тұрғаны басылымға қандай қасиет, қандай кие бергенін дәлелдейді. Салиқалы басылымның тарихы да, мазмұны да ерекше. Бұл газетте бізге қажетті дүниенің бәрі бар: маңызды жаңалықтар, саясат, экономика, тарих, білім,  мәдениет, әдебиет, халықтың мұң-мұқтажы – не қажеттің баршасын табамыз. Оған қоса заман талабына сай күнбе-күн «Түркістанның» үні жарқын естіліп, ой-өрісі, мәні артқан үстіне артып келеді. Газеттің біздің халқымызға, әсіресе жастарымызға берер көмегі ұшан-теңіз. Ал бұл игілікті іс – ұжымның зор жемісті еңбегі. Редакция ұжымын газеттің мерейлі мерекесімен құттықтай отырып,  елді таныту мен ұлт мұратын асқақтату жолындағы еңбегіне шығармашылық табыс тілеймін.  

 Ерлан СЫДЫҚОВ,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры