7 Ақпан, 14:46 193 0 Экология Аяулым САЛЫҚЖАНОВА

24.kz: Қыс қаһарына мінді...

Ресейдің орталығы мен шығыс аудандарында аяз қаһарына мінді. Сібірде – 60 градус Цельсийға дейін күн суытады деп күтіліп отыр. Ал Красноярск пен Новосібірде термометр – 49 градус аязды көрсетіп тұр. Қолайсыз ауа райына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Қоғамдық көлік кідірістермен қатынауда. Әуекомпаниялары рейстерді кейінге қалдырып жатыр. Сондай-ақ, коммуналдық мекемелер мен төтенше жағдайлар қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жол бойында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар кезекшілікте тұр. Жүргізушілер үшін жылыту бөлімшелері ашылды. Метеорологтардың айтуынша, өңірдегі сарышұнақ аяз осы аптаның соңына дейін жалғасады.

Өткен аптада АҚШ-та да бұрын-соңды болмаған аяз болды. Чикаго штатында – 33 градус цельсий тіркелді. Қолайсыз ауа райы салдарынан 20 адам көз жұмды. Жүздеген америкалық салқын тию және үсік шалу диагноздарымен ауруханаға түсті.

Қазақстан аумағына келіп жеткен – 45 градус аяз осыдан 7 жыл бұрын тіркелген. Қостанай облысындағы Денисов және Әулиекөл аудандарында 1968 және 1990 жылы туған екі әйел қатты аяздан үсіп, көз жұмды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан далаға шықпауларын және балаларын далаға жібермеуге кеңес береді. Автомобиль жүргізушілері алыс қашықтықтарға жолға шығудан бас тартқандары жөн. Сондай-ақ, Астанада ауа райы – 35-40 градусқа дейін төмендеді. 0-12 сынып оқушыларының сабағы уақытша тоқтатылды. Айта кетерлігі, Астана ең суық елордалар үштігіне кіреді. Бірінші орында Моңғолия астанасы Улан-Батор, екінші орында Якутск. Қазір Қазақстанның бірқатар өңірлерінде аязға байланысты ескертулер жарияланды.

Соңғы жаңалықтар