7 Ақпан 2019, 14:33 598 0 Қауіпсіздік Аяулым САЛЫҚЖАНОВА

Euronews: Бразилиядағы дамба жарылысы

5 қаңтар күні Бразилияда болат өнеркәсібінің суын ұстап тұрған бөгет жарылған еді. Балшық ағын 134 адамның өмірін жалмады. Тағы 200-дей тұрғын із-түзсіз жоғалып, табылмай жатыр. Апат орын алған жерде құтқару-іздестіру жұмыстары әлі жүргізілуде.

Қазір «Vale» тау-кен компаниясына қарасты су бөгетінде болған апаттың себептері анықталып жатыр. Оның құрылысын жүргізген 5 адам тұтқындалған. Ал компания өзінің қарамағындағы он бөгетті жабатын болып шешті. Дамба жарылғанда апаттық ескерту жүйесі жұмыс істемей қалған. Жұмыскерлер бұған дейін басшылыққа дамбаның жарылу қаупі барын ескерткенмен, олар ешқандай шара қабылдамаған.

Бразилия соты «Vale» компаниясының 3 миллиард долларын бұғаттап тастаған. Себебі бұл сомма апаттың зардабын жою үшін жіберілуі тиіс.

Бұл бөгет осыдан 43 жыл бұрын салынған. Бразилияда мұндай ескі бөгеттердің бірнешеуі бар және бұл бөгеттердің көлемі шамамен 12 миллион текше метр суды ұстай алады деп есептеледі.

Минас-Жейрас штатының тұрғындары жақындары мен достарының өліміне қайғырумен қатар, сынға іліккен «Vale» компаниясына да алаңдап отыр. Себебі бұл компания аймақтағы жалғыз жұмыс орны, егер ол жабылса барлық аудан тұрғындары жұмыссыз қалмақ.

Соңғы жаңалықтар