Euronews: Соңғы 13 жылда болмаған көлемді өрт

Euronews: Соңғы 13 жылда болмаған көлемді өрт

Euronews: Соңғы 13 жылда болмаған көлемді өрт
ашық дереккөзі
Франция астанасында 5 ақпан күні сегіз қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам мерт болды. 30-ы жараланған. Құрылысы П-макетінде салынған ескі ғимараттың өртін сөндіру де оңайға соқпаған. Десе де, құтқарушылар 50 адамның өмірін аман алып қалды. Өрт сөндірушілердің бұл ерен ерлігін Франция Президенті Эммануэль Макрон: «Париждегі өрт сөндірушілердің ұйымдасқан жұмысы үшін алғыс айтқым келеді: 250-ге жуық қызметкер төтенше жағдай орнына дер кезінде жетіп, сегіз қабатты шарпыған өрттің ішінен бір түнде 50-ден астам адамды құтқарды», – деп жоғары бағалады.