6 Ақпан, 22:25 205 0 Қауіпсіздік Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Алматы облысында жаңа ГЭС салынып жатыр

Алматы облысында қуаты 25,8 МВТ болатын су электр станциясы салынып жатыр. Мәжіліс депутаты Энергокешен құрылысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов танысып қайтты.

Су электр станциясы Ескелді ауданы аумағындағы Шажа өзенінің бойында салынып жатыр. Құны 9,3 млрд теңге болатын ауқымды жоба 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 150-ден астам адам жұмылдырылған. Бас мердігер АСПМК-519 ЖШС. Су электр станциясының құрылысы аяқталғаннан кейін бұл жерде 25 адам еңбек етеді. Жұмысшылармен кездескен халық қалаулысы өңірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жасыл экономика саясаты өз деңгейінде жүріп жатыр деп атап өтті. Сондай-ақ ол жаңа ГЭС орта және шағын бизнестің дамуына ықпал етіп, туризм саласына қан жүгіртетінін тілге тиек етті. Себебі мердігерлер су электр станциясына дейін жол салып, электр желілерін тартып, таулы аймақта, өзен жағасында демалыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар