Оқырманы – зиялы қауым

«Túrkistan» газетінің ширек ғасырлық кезеңі – шын мәнінде, тәуелсіздігімізден кейінгі қазақ баспасөзінің өрлеу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Ақпарат айдынында өз орнын иелеуге күш салған жас газет халықаралық басылым ретінде өз сөзін айта білді.

Даңқты жазушы Қалтай Мұхамеджанов негізін салып, мықты журналист-ұйымдастырушы Шәмшидин Паттеев дамытқан, талантты қаламгер Жаңабек Шағатай көркейтіп, бүгінде баспасөзде ысылған мықты редактор Қуат Әуесбай басқарып отырған «Túrkistan» газеті – зиялы қауымның іздеп жүріп оқитын газеті.

«Túrkistan» газетінде жарияланып жатқан түрлі танымдық мәні күшті, тағылымы мол материалдар қашанда оқырманын бейжай қалдырған емес. Талай саңлақ қаламгерлер еңбек етіп, туын желбіреткен «Túrkistan»-ның алдағы кезеңде де биігінен түспей, мемлекетіміздің болашағы үшін жұмыс жасай беретініне сенімім зор.

Түркі әлемі ынтымағының ұйытқысындай болып отырған «Túrkistan» газетінің 25 жылдығы құтты болсын!

 

Нұртөре ЖҮСІП,

«Айқын» газетінің бас редакторы

 

 

Back to top button