Рухани жаңғыру жолында

«Túrkistan» газетінің жарық көргеніне – 25 жыл!

Елдің рухани-мәдени әлеуетінің дамуына зор үлес қосып, халықтың әлеуметтік жағдайы мен еліміздің рухани жаңғыру жолында адал қызмет етіп жүрген ұлттық басылым – «Túrkistan» газетінің жарық көргеніне – 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын.

Қазақстанның бүгінгі игілігі мен жарқын болашағы жолында атқарып жатқан жауапты қызметтеріңіз де толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін.

Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеймін.

Арыстанбек Мұхамедиұлы,

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

Back to top button