488
АҚШ-та 30 мыңға жуық ұстаз ереуілге шықты
АҚШ-та 30 мыңға жуық ұстаз ереуілге шықты
Олардың қатарында тәрбиешілер де бар. Ашынған жұрт үкіметтен жалақыны көтеруді, сонымен қатар мұғалімдер мен кітапханашылардың санын арттыруды талап етеді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта дәл осындай наразылық акциясы соңғы 30 жылда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл толқуларға қарамастан, мектептер өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Сонда да көптеген ата-ана балаларын үйінде қалдыруды жөн көрген. Кәсіподақ мүшелері ұстаздардың талабы орындалмай, ереуілді тоқтатпаймыз деп мәлімдеме жасаған.
Айта кету керек, орта мектептерде жұмыс істейтін америкалық мұғалімдердің ай сайынғы еңбекақысы 4 800 АҚШ долларына жуық. Сондай-ақ, жалақы деңгейі өңірлер бойынша өзгеріп отырады. Мысалы, Калифорния мен Нью-Йоркте жалақы көлемі 7500 долларды құраса, Оңтүстік Дакотада 3200 доллар көлемінде. Америка педагогтарының орташа жалақысын теңгеге шаққанда 1,8 миллион, яғни 2 миллион теңгеге жуық.