Софияда Астана көшесі бар

Софияда Астана көшесі бар

Софияда Астана көшесі бар
ашық дереккөзі
Астананың 20 жылдық мерейтойына орай, Софияда «Астана» көшесінің ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Болгария Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, «Қазақстанмен достық үшін» парламенттік тобының мүшесі, депутат Борис Янчев, София қаласы мэрінің орынбасары Дончо Барбалов, София облысының мэрі Илиан Тодоров, Қалалық Мәслихат кеңесшісі Симеон Славчев, Қазақстан ұлттық футбол құрама командасының жаттықтырушысы Станимир Стоилов, бокстан әлем чемпионы Кубрат Пулев, дипломатиялық корпус, Болгарияның іскер, ғылыми, сарапшылық топтарының және БАҚ-тар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Салтанатты шара барысында ҚР Болгариядағы дипломатиялық миссиясының басшысы Теміртай Ізбастин Астана қаласының даму тарихы туралы жан-жақты айтып берді. Ал София қаласы мэрінің орынбасары Д.Барбалов «Астана» көшесі Софияның ең әдемі орындарының бірінде орналасқандығын атап өтті. Бұдан кейін белгілі Болгар композиторы мен әншісі Орлин Горановтың орындауында «Астана» әні шырқалып, әннің CD дисктері мен ҚР Дипломатиялық миссиясы әзірлеген Қазақ-Болгар тілашарлары таратылды. Атап кетерлік жайт, «Астана» көшесі София орталығында, «Болгария» даңғылының қасында орналасқан.