Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды

Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды

Никол Пашинян Армения премьер-министрі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
238
Армения президенті Армен Саркисян дүйсенбіде, жаңа парламенттің бірінші күнгі отырысында үкімет басшысы міндетін уақытша атқарушы Никол Пашинянді елдің премьер-министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Конституцияны басшылыққа ала отырып, Никол Пашинян Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалсын», - делінген президенттің жарлығында. Армения конституциясына сәйкес, ел президенті жаңадан сайланған Ұлттық жиналыстың уәкілеттік мерзімі басталғаннан кейін парламентте көпшілік ұсынған үміткерді премьер-министр етіп тағайындайды. Министрлер кабинеті премьер тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде құрылады. Бұдан кейін үкімет басшысы 20 күннің ішінде Ұлттық жиналысқа министрлер кабинетінің бағдарламасын ұсынуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары