Қазақстанда 130 мыңға жуық жұмыс беруші қызметкерлерінің жалақысын көтереді

Қазақстанда 130 мыңға жуық жұмыс беруші қызметкерлерінің жалақысын көтереді

Қазақстанда 130 мыңға жуық жұмыс беруші қызметкерлерінің жалақысын көтереді
ашық дереккөзі
Елімізде 130 мыңға жуық жұмыс беруші 705 мың қызметкерінің жалақысын көтеруге әзір, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы алатын жұмысшылардың жалақысын көтеруді жүзеге асыру аясында, елімізде жалпы жұмысшы саны 1,5 млн адамды құрайтын 128,7 мыңға жуық жұмыс беруші 705,4 мың жұмыскердің жалақысын көтеруге дайын екендіктерін білдірді деп», - делінген хабарладама. 1 235 кәсіпорын ірі кәсіпкерлік субьектілеріне жатады, 1711 - орташа, 125 мыңы шағын кәсіпкерлік. Жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда ең төменгі еңбекақы алатын жұмыскерлердің орташа жалақысы 18% өседі, яғни 41,5 мыңнан 55,2 мың теңгеге дейін жетеді. Еске сала кетсек, осы жылдың 5 қазанында Қазақстан Ресупбликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жариялаған болатын.  «Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандық үшін шынайы көмек болады. Бұл барлық салаларда, барлық меншік формасындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 млн 300 мың адамның еңбекақысын көтеруге септігін тигізеді», - деді Елбасы.