ӘЛЕМГЕ АТЫ МӘЛІМ ӘМИНА

ӘЛЕМГЕ АТЫ МӘЛІМ ӘМИНА

ӘЛЕМГЕ АТЫ МӘЛІМ ӘМИНА
ашық дереккөзі
Жуырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі еліміздің республикалық театрларының басшыларымен баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында сөз алған  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы Азамат Сатыбалды өнер ордасының алдағы жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО  көлемінде тойланатынын мәлімдеді. «Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі тұлғалар бейнесін жасау керектігі айтылған болатын. Осы «Ұлы тұлғалар» сериясы  аясында 2019 жыл Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, саналы ғұмырын Ғ.Мүсірепов театрына арнаған сахнамыздың саңлағы Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына арналған шаралар ЮНЕСКО  көлемінде аталып өтеді. Бұл қазақ театры мен кино өнері үшін рухани жаңғырудың ең үлкен көрінісі», – деді Азамат Сатыбалды.