Ұйымдардың белсенділігі – басты назарда

Ұйымдардың белсенділігі – басты назарда

Ұйымдардың белсенділігі – басты назарда
ашық дереккөзі
514
Алматы облысының Ақсу ауданында «нұротандықтар» 2019 жылдан бастап «Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру» тұжырымдамасы аясында жұмысты оңтайландыру, бастауыш ұйымдардың белсенділігін арттыру мәселесін, сапалы жұмыс, білікті маман даярлауды қолға алу қажеттілігі турасында оқыту семинарларын өткізуді қолға алды. Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров ауылына 21 бастауыш ұйым төрағаларына Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы түсіндіріліп, жаңа Концепция аясында атқарылатын жұмыстар мен әлеуметтік желіде белсенділікті арттыру мәселесі айтылды. «Партияның сапалы кадрлық резервін жасақтау, «Цифрлық партия» жобасын уақтылы әрі сапалы орындау, бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандырып, жаңа партиялық жобаларды әлеуметтік желіде белсенді насихаттауды қолға алу мәселесін бағдар еткен біздің түсіндіру тобының құрамына аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері мен филиал қызметкерлері енді. Біз бастауыштардың келер жылдан белсенді қызметке кірісіп, жаңа Концепцияның аясын кеңінен түсіндіруді, жұмысты қай бағытта жүргізуге бағыт-бағдар, кеңес беруді қолға алдық. Өткізілген семинарлардың нәтижесін алдағы уақытта көреміз деп ойлаймын», – дейді «Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Күләйхан Дәулетбекова. Партиялықтар сонымен бірге Саяси Менеджмент Академиясына оқуға түсу үшін партия белсенділері, бастауыш ұйым төрағалары мен аудан-қалалық филиал төрағалары мен орынбасарларының ұсыныс беруге мүмкіндіктері бар екендігін де айтты.  

Серіктес жаңалықтары