443
Елбасы Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады
Елбасы Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады
Құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігінің жүргізген гуманитарлық операциясы нәтижесінде 47 отандасымыз, оның ішінде 30 бала Сириядан эвакуацияланған, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл туралы ақпар Ақорданың сайтында жарияланды. Олар әлдекімдердің арбауына түсіп, от пен оқтың ордасына айналған қауіпті аймаққа барған. Елге жеткізілгеннен кейін оларға мемлекет тарапынан қажетті көмек көрсетілді. Отандастарымыз туған жерге оралғандарына қуанды. Олар бір айдың көлемінде медициналық көмек алады.
«Еліміз өз азаматтарына әрдайым қолдау көрсетеді. Біздің негізгі міндетіміз – ел бірлігін сақтап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді Президент.