Бабалар тарихын жаңғыртқан

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы құлағының тесігі, көкірегінің есігі бар әрбір саналы адамның мерейін тасытып, рухтандыратыны сөзсіз. Халқымыздың жаһандық тарихтағы рөлін айқындап берген бұл мақаланы және ондағы аталған жобаларды біз Елбасы межелеген отыз өркениетті елдердің қатарына жеткізетін бірден бір сара жолдың бастауы деп түсінеміз.

Өйткені Елбасының «Мәдени мұра» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының аясында қыруар жұмыстар атқарылды. Олардың жарқын айғағының бірі – осы жылдың 30 қарашасында Елбасымыздың кітапханасында тұсаукесері өткен, Халықаралық Түркі академиясында қазақ тіліне аударылып, оқырмандарға жол тартқан Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат тауарих» атты кітабы мен Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты еңбегі.

Аталған кітаптар қалың оқырманға әлі жете қойған жоқ, жетсе де, көлемдері өте үлкен болғандықтан, оларды оқып шығуға, ой елегінен өткізуге біраз уақыт керек. Мырзатай Жолдасбеков пен Дархан Қыдырәлінің тұсаукесердің алдында шыққан шағын мақалалары, тұсаукесерде сөйлеген шешендердің қысқа баяндамалары бұл кітаптардың сырларын толық қамти алмайтыны белгілі. Сондықтан бұл кітаптардың түпнұсқасы мен қолжазбасын іздеп тауып, оларды аударып, олардың сапалы және ғылыми талаптарға сай болуын қадағалаған адамдар ретінде, кітаптардағы деректерге сүйене отырып өз ой-тұжырымдарымызбен бөлісуді жөн көрдік.

Жеті жүз жыл бұрын парсы тілінде шыққан, кезінде әлем оқымыстылары мойындаған және ортағасырлық энциклопедия ретінде танылған «Жамиғ ат тауарихта» түркілер тарихы туралы аса маңызды мәліметтер мен өте құнды деректер келтірілген. Олардың негізгілері төмендегідей:

Мұсылмандар тарихында айтылғандай және Бәни Исраилдың «Тауратында» жазылғандай, Нұх пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын!) жерді солтүстіктен оңтүстікке қарай үш бөлікке бөлді: бірінші бөлігін – өзінің ұлдарының бірі, қара нәсілділердің атасы болып табылатын Хамға, екінші бөлігін – арабтар мен парсылардың атасы болған Самға, үшінші бөлігін түркілердің атасы болған Яфес (Абулжа хан) атты ұлына еншілеген.

Сөйтіп, Яфесті шығысқа аттандырған, ол Алатау мен Қаратаудың қойнауына қоныс тепкен, ол аймақта Инанж аталатын шаhар болған. Абулжа ханның қыстауы Борсық, Қақиян, Қарақұрым деп аталатын аймақтарда болған екен, бұл жерлердің маңайында Талас (Тараз) пен Кәрі-Сайрам қалалары орналасқан. Кәрі-Сайрам – сол кезде қырық қақпасы бар өте көне әрі аса үлкен, бір шетінен екінші шетіне дейін бір күндік жол болатын қала (автордың айтуынша, онда ХIV ғасырда мұсылман түркілері өмір сүрген, ол Қайдуға тиесілі болып, Күнші ұлысына кірген). Абулжа хан аталған өңірлерде өніп-өскен өзінің ұрпақтарын солтүстікке, солтүстік шығысқа, солтүстік батысқа аттандырған. Әлемде өмір сүріп жатқан түркі тектес халықтардың барлығы солардан тарайтыны көрсетілген.

Абулжа ханның немересі Оғыз Алла жолын таңдайды, сондықтан халық екіге бөлінеді де, оған қосылмаған бауырлары мен немере ағайындары ұлыс пен әскерге таласып, жеңіліске ұшырайды: өзіне қосылған немере ағалары мен қауымдарға ол «уйғыр» (бірігу-көмек беру дегенді білдіреді), «қаңлы», «қыпшақ», «қарлық», «қалаш», «ағаш ері» (орманда тұратын адам) деген лақап аттарды береді, кейіннен олар сол аттас руларға айналады.

Оғыз әуелі Талас пен Сайрамнан Бұхараға дейінгі аймақты иеленеді, содан соң Иран, Тұран, Шам, Мысыр, Рұм, афранж (франк және герман тайпалары) және тағы басқа аймақтарда орналасқан елдердің бәрін бағындырған соң, өзінің ата қонысына қайта оралады. Ата қонысына келген соң алтыннан жасалған аса биік киіз үй тігіп, той берген, тойға тоғыз жүз бие мен тоқсан мың қой сойылған.

Оғыздың Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау және Теңіз атты ұлдары болған. Олардың алғы үшеуін Бозоқ, қалғандарын Үшоқ деп атаған. Осы алты ұлынан Оғыз жиырма төрт немере көреді, бұлардың жартысы әскердің оң қанатын, жартысы сол қанатын басқарады. Бұлардың есімдері мен лақап аттары кейіннен олардан тараған тайпалардың аттарына, ұрандарына айналыпты (ұйғыр, қаңлы, қыпшақ, қарлық, қалаш, ағаш ері, жалайыр, сүнит, татар, қабтұрын, меркіт, күрлеуіт, тарғұт, ойрат, барқұт, қоры, тулас, тумат, бұлағашын, керемүшін, ұрасұт, таңлақұт, күстемай, орман ұранқайлар, құрқан, сұқайыт, керейт, шұрқын, түңқайыт, сақият, тубауыт, албат, найман, үңгіт, таңғұт, бекірін, қырғыз). Патшалық пен мал-мүлікке таласпауы үшін олардың әрқайсысына тиесілі мансап (лауазымы), жол, атауы мен лақап аты, белгісі мен таңбасы беріледі және еттің қай бөлігі қай тармақтың сыбағасы болатыны нұсқалады. Сондай-ақ, сол жиырма төрт тармақтың әрбіріне аң немесе жануарды унқуң (құт) етіп бекітеді. Сол заманнан бері рудың унқуңы болған аңның сол рудың адамдары үшін қасиетті екені, олардың әлгі жануардың етін жемейтіні және оған қастық жасамайтыны айтылады.

Оғыз бен оның балаларынан, олардың тармақтарынан бастау алған тайпалардан ұзақ уақыт бойы көптеген патша шыққан, сөйтіп, әр дәуірде аттары аталған жиырма төрт тармақтың ішінен құдіретті де дәулетті бір патша пайда болады және оның әулеті ұзақ уақыт патшалықты ұстайды. Сөйтіп, көп жыл бойы патшалық Салур (Көк ханның ұлы) тармағында болады. Мұнан соң патша Аймур (ол да Көк ханның тұқымы) тармағынан болады. Кейіннен өзге тармақтардан да даңқты патшалар шыққан, олар да ұлық әрі аса құдіретті болған. Тұран мен Иран өңірлерінде төрт жүз жылға жуық патшалық еткен және Мысырдың алыс аймақтарынан Қытай шекарасына дейінгі халықтар олардың билігінде болған Селжук әулетінің сұлтандары мен ата-бабалары Қынық (Теңіз ханның ұлы) тармағынан екені көрсетілген.

Кітап мазмұнына қарағанда, түркілердің мұғыл қауымының тарихы жаугершілік заманда тірі қалып, қазіргі кезден шамамен екі мың жеті жүз жылдай бұрын Ергене қонға барып тығылған Нукуз бен Қиян атты екі адамнан басталады да, кейін бұлардың есімі екі тайпаның атына айналады. Олардың жан-жағы биік таулар болып келетін аймақта төрт жүз жылдай өніп-өскен ұрпақтары (мұғылдың «дүрлүккин» тармағы: ұраңқай, қоңырат, қоралас, екерес, олқұнұт, қаранұт, күңлеуіт, ұрнауыт, үшін, сұлдыс, елдүркін, баяуыт, гинжит; мұғылдың «нируун»деп аталатын тармағы: қатаған, салжуыт, тайжуыт, сижуыт, үртіген, шинас, нұяқын, ұрыт, маңғыт, дүрбен, барын, барлас, хадаркін, жүрият, бұдат, дұқлат, бисүт, суқан, қиңқият) ол жерге сыймай бара жатқан соң, ақылдасып, темір кені болған жерден темір балқытатын орын тауып, көп мөлшерде ағаштан көмір дайындап, жетпіс бас сиыр мен жылқыны сойып, барлығының терісін сылып, одан ұста көрігін жасап, олардың көмегімен тауды балқытып, сол жерден көп темір өндіріп, жол салып, жазық жерге шығады.

Кітапта мұғылдардың нируун тармағынан тарайтын қият деп аталатын рудан шыққан Ұлы қаған Шыңғыс ханның өмірбаяны, шежіресі, оның патшалық құрған ата-бабаларының, даңқты ұлдары мен ұрпақтарының және батырларының тарихы, жорықтары, нақыл сөздері мен өсиеттері, бүкіл әлемге билік жасаған уақыттарында болған ерекше оқиғалар келтіріледі.

Рашид ад-Динге «Жамиғ ат тауарихты» жазуға тапсырма берген, шашылып, ретсіз жатқан мұғыл тілінде және мұғылша жазумен жазылған жазбалар мен жинақтарды, аңыз бен әңгімелерді тауып, оларды дүниенің түкпір-түкпірінен келген ғалымдар мен даналардың көмегімен сараптап, анығын тексеріп, терең зерттеуден өткізіп, аталған кітаптың жазылуына барынша жағдай жасаған әрі оның сапалы, мазмұны шынайы болып шығуын қатаң қадағалаған Шыңғыс ханның бесінші ұрпағы Ғазан ханның осы кезге дейін өміршеңдігін жоғалтпаған қырық хикаясы да осында баяндалған.

Осының бәрі Елбасымыздың мақаласында айтылған және айтылмай қалған Ұлы даланың қырларын тайға басқан таңбадай анық және ерте заманнан орта ғасырға дейінгі түркі халықтарына қатысты тарихи деректерді қазіргі Иран мемлекетінің мұрағаттарынан іздеу керектігін көрсетеді.

Бекасыл Биболатұлының XIX ғасырдың екінші жартысында шағатай тілінде жазылған «Зикзал» атты кітабы, білімділердің айтуынша, тек қазақ топырағында ғана емес, дүниежүзілік деңгейде өте сирек кездесетін, бүкіл адамзаттың қымбат жауhарларының бірінен саналатын еңбек. Кітаптың негізгі бөлігі «Палнама» (белгілер тылсымы жайлы ілім немесе болжау-жорамал ілімі) деп аталады, онда Әбжад (араб әліппесінің ең алғашқы төрт әрпінің жиынтығы) ілімі жайлы және оған қатысты мәліметтер жазылған. Әбжад сөздерді жасырын шифр (кодировка) түріне келтіруге, сол арқылы сөздердің құпия мағыналарын ашуға мүмкіндік беретіні, кітапта келтірілген барлық тылсым сыры осы ілімге тікелей байланысты екені, әріптердің тылсымдық сипаттамасы, тылсымдық сөздердің мағыналарын тек сол тылсымдарды құрастырған адам ғана білетіні туралы сөз болады (Әріптер мен оған сәйкес келетін цифрлардың құпиясы осы күнгі цифрландырудың арқауы екені баршаға мәлім).

«Бұржылар ілімі» туралы бөлімде ата-бабамыз жиі қолданған, бүгінде кез келген адам түсіне бермейтін, әлем кеңістігіндегі 12 бұржының (Тоқты, Торпақ, Егіздер, Теңіз шаяны, Арыстан, Бикеш, Таразы, Шаян, Мерген, Таутеке, Суқұйғыш, Балық) қасиеттері мен олардың аспан кеңістігінде орналасқан орындары мен қозғалысы, олардың адам тағдыр- талайына жасайтын ықпалы мен әсері жайлы жазылған. Тәуліктің жиырма төрт сағатының қай сағатына қай бұржы, қай жұлдыз сәйкес келетінін, әр айдың алғашқы күндері аптаның қай күндеріне келетінін, жылдардың сипаттамасы, әр жылдың қасиеті, оның белгілері мен онда болатын құбылыстардың сыры және олардың адам баласына зияны мен пайдасын сөз етеді. Осы кезеңдерде нені істеуге болатыны мен болмайтыны, апта мен күн-түндердің жақсы-жаман, сәтті-сәтсіз және қолайлы-қолайсыз деп бөлінетіні, кейбір сәтсіздіктер мен сырқаттар жайлы айтылып, оларды емдеу және қайтарық жасау әдістері мен түрлері, емді қалай және қай кезде пайдалану, дәрілерді жасауға қандай шөптерді, аңдар мен жануарларды, құстарды және басқа қандай заттарды қолдану керек екенін жазады. Атқарылатын істерді де, шығатын сапарды да, ұйықтап, дем алатын мезгілді де, тіпті ішетін дәрі-дәрмектің уақытын да бөліп көрсетеді.

Қайсыбір адамның талқысы төмендеп, тіршілігінен береке кетсе немесе ісі алға баспай қалса, қандай амал жасау керектігін, кісінің жолын ашу, сауданың жолын ашу, бақыт пен дәулетке жету жолында жасалатын шаралар, шипагерлік туралы, адамның ішкі және сыртқы ағзасында, он екі мүшесінде кездесетін ауру мен дерттер, олардың пайда болу себебі мен жолдары, оны емдеу амалдары, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту, жақсылы-жаманды әрекеттер кезінде жасалатын ырымдар, әйел мен еркекте болатын түрлі ерекшеліктер, қыздардың бағын ашу, еркек адамның қуатын көтерудің жолдары, әйел затының бала көтеруі, баланың денсаулығын жатыр ішінде күту амалдары, ер кісіде болатын белсіздік, әлсіздік, олардың алдын алу мен емдеу жолдары, ерлі-зайыптылардың арасындағы суықтық пен отбасын сақтап қалудың амал-тәсілдері, сәбиді күтіп баптау амалдары, оның шошуының себептері, алдын алу амалдары көрсетіледі. Адамды жылан, шаян және басқа улы жәндіктер шаққанда, уды қайтаратын дұғалар, табиғат құбылысына байланысты қар, жаңбыр жаудыру, бұлт шақырып, жел тұрғызатын дұғалар, оларды дұрыс пайдалана білу жолы баяндалады.

«Уағыз-хикаялар» бөлімінде саятшылық жайлы айта келе, Бекасыл әулие жалпы саятшылықтың шарттары мен амалдарын, оны орындаудың дұрыс жолдарын, жылқыны баптау, оның жолын ашу, құсбегілердің құсты баптауы мен аңға салардағы тәсілдерін, құстың жақсы-жаманын білу жолдарын, мергендік пен мылтық ату дәстүрінің кімнен қалғанын, мергеншілікте қандай қасиеттер болатынын, Адам Атадан Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) заманына дейін жеті мың жеті жүз жетпістен асқан дана әрі тақуа өткенін, олардың он сегізінің өте әйгілі диқан болғанын, айтқан аманаттары мен насихаттары жайлы, әрбір дақылды егу жолы мен олардың алдында жасалуы тиіс амал-тәсілдер; қасапшылық, тоқымашылық, иіссу жасау және басқа да кәсіптердің сыры, олардың жасалу шарттары мен қағидалары жайлы әңгімеленеді.

Мұхаммедтің (с.ғ.с.) екі жауырынының арасындағы пайғамбарлық белгісі туралы, құдіреті күшті Алла Тағаланың Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың нұрын он сегіз мың әлемнің жаратылуынан бұрын жаратқандығы, ол нұрдың кімнен кімге ауысқаны, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға қалай жеткендігі туралы нақты деректер келтіріп, осыған сәйкес туған қасиетті дұғалардың сыры мен қасиетін сөз етеді.

«Ғайып ерендер» туралы бөлімде, олардың жер бетінің қай тұстарын бақылап тұратындығы және де басқа да қасиеттері, дәрежелері мен сыр-құпиялары жайлы айтады. 12 мың асыл адам шаhид болған Испинжаб (Сайрам) шаhары туралы, оның жеті қабат аспанды нұрландырып тұратыны, ол жерде істеген амалдардың сауабы көп болатындығы туралы деректі баяндайды.

Бекасыл әулие: «Адам – Алланың көркем, ерекше махаббатпен жаратқан жаратылысы. Барлық әлемдердің Жаратушысы жаратқан мақұлықтарының ішінде адамға ғана ой-сана, ақыл берген, сөйлеу қабілетіне ие қылған. Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақыт та қонады», – дегенді уағыздайды. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі қасиеттерді бойына сіңіру, ұлағатты азамат болып шығу. «Адам өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттігімен ардақты. Алланың алдында үлкен абыройға ие адам қасиетсіз, қадірсіз атануы мүмкін емес. Сондықтан сол дәрежеге лайық болуы үшін кісі өз бойына адами асыл қасиеттерді дарытуы керек», – дей келіп, Бекасыл әулие Аристотель, Платон, Сократ, Ибн Сина, әл-Фараби сияқты философтардың шариғатқа қайшы келмейтін ой тұжырымдарын жіктей отырып, пайдалы тұстарын көрсетіп, Жаратушының құдіретіне мойынұсынуға және құдыретті көріністерін танып-түсінуге бағытталған зертеулер жасап, алынған тың нәтижелері мен қорытындыларын өз еңбегіне кірістіре отырып, Ислам дінін, шариғат заңдарын ұлттық салт-дәстүрмен қиюластыру арқылы, салиқалы өмір салтын қалыптастырудың жолдарын ұсынады. Имани тәрбиенің артықшылығын сөз етіп, оған жетудің жолын жан-жақты саралап береді: Алланы тану ілімі арқылы көп жамандықтардан алыстау; Алланың ризашылығында ата-ананың разылығы барын ұғыну, оларды құрметтеуге үйрену; туысқандық, ағайындық қарым-қатынастың, бауырластықтың қадірін ұғыну; көркем мінездің қалыптасуына әрекет ету; қуанышта шүкіршілік, қиындықта сабырлы болуға үйрену. Бұл – имани тәрбие екенін, оның астарында қазақи таным жатқанын айта келіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кейінгі үмбеттерінің қамы үшін Әзірет әліге айтқан өсиетін келтіреді.

Бүгінгі ұрпақ үшін бұларды білу аса маңызды. Өйткені осының бәрі адамзат пен қоғамның игілігіне пайдалануға,жастарды тәрбиелеуге, оның көзін ашып, қазіргі кездегі пайда болған түрлі діни ағымдарға тойтарыс беруге өте қажетті және құнды нәрселер екені сөзсіз.

Бұл екі кітапты оқығаннан шығатын қорытындылар мынадай: түркілердің кіндік жұрты Алтай ғана емес, негізінен Алатау мен Қаратау, өйткені түркілердің атасы Абулжа ханның ата қонысы Алатау мен Қаратаудың қойнауындағы Талас пен Сайрамның аралығы болған; қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан түркілер сол жерден тараған; Тәңірлік сенім де алғаш рет сол жерде пайда болған; осы аймақтарда ол заманда өте көне және үлкен қалалар орналасқан; Абулжа ханның ұрпақтарынан әр дәуірде көптеген патшалар шыққан, олардың әулеті осы патшалықты ұзақ уақыт билеген. Әлем билеушісі Ұлы қаған Шыңғыс хан түркілердің Ергене қондағы өсіп-өнген мұғыл атты тармағынан тарайды. (ИПЦ «Дизайн. Информация. Картография» баспасы, 2008 жыл. «Туран на старинных картах», атластың 229-бетіндегі Ф.Л. Гюссфельдің 1786 жылы Нюрнбергте шыққан картасы).

Бұл айтылғандар «Қазығұрттың басында кеме қалған, кереметі болмаса неге қалған?!» деген аңыздың дұрыстығын аңғартады. Сол төңіректе Түркібасы, Түркістан, Тәңіртау, Қарақорым, Ханқорған, Мыңбұлақ деген жер, тау атаулары сол заманнан қалған. Арыстан бап, өзге де сансыз баптар, Қожа Ахмет Ясауи сол өңірде өмір сүрген; Хандарымыз, билеріміз бен батырларымыз баяғы сол Түркістанға жерленген; Қаңлы мемлекеті, Батыс Түрік қағанаты, Қарахан мен Қазақ хандығы сол өңірде салтанат құрған. Ата-бабаларымыздың тек қана көшпелі болмағандығын, ерте замандардан бері Кәрі-Сайрам, Тараз, Отырар, Сығанақ, Баласағұн, Шу деген өте көне және үлкен қалаларда да тұрғандығын, өзінің тілі мен жазуы, кітапханаларының болғандығын осы еңбектер дәлелдей түседі. Алтын мен күмістен, темірден түйін түйіп, қару-жарақ, сауыт-сайман, арба, шана, сал, кеме жасағанын, бабаларымыздың аттың құлағында ойнаған жауынгер халық болғандығын аталмыш деректерден көреміз.

Ендігі жерде «Жамиғ ат тауарих» пен «Зикзалды» терең зерттеп, ондағы түркілерге қатысты аса құнды деректерден жер, су, адам аттарын қайтадан зерделеп, өткен тарихымызға жаңаша қарап, халқымыздың тарихын қайта жазу – бүгінгі ұрпақтың жауапты міндеті. «Жамиғ ат-тауарихты» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде оқытса жөн болар еді.

Сонда «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой, тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің тәңірі берген несібі ғой», – деп қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев жырлағандай, қайта түлей бастаған Түркістан мен Ұлы даланың көне әрі байтақ тарихы қайта жаңғыратын болады.

Рашид ад-Дин «Жамиғат тауарихтың» шығу тарихын егжей-тегжейлі баяндай келіп: «Қандай болған жағдайда да ата-бабаның ізгі есімін қайта тірілту, өткен буындардың істері мен сөздері туралы тарихи естеліктерді қайта жаңғырту – ізгіліктің белгісі, тек бұл жақсылық қөрнекті де ерекше қасиетті ұрпақтардың, әрі мәртебелі мұрагерлердің табанды күш салуларының арқасында, Раббани құптау және Құдайдың көрсеткен илахи көмегімен ғана орындалатын болады» деп жазады. Ғұлама айтқандай,бүгінде Ұлы далада тәуелсіз ел де, байтақ тарихтың мәртебелі мұрагері, елін сүйген ер де бар.

 

 Ержан Исақұлов,

 саясат ғылымдарының докторы

Зәріпбай Оразбай,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, араб, парсы және шағатай тілдерінің маманы

Редакция таңдауы

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

Белгілі әнші Толқын Забирова коронавирус індетін екінші рет жұқтырып алды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. «Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...
facebook anita gurman

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастаған

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастап, мазақ етті, деп хабарлайды...
photo 325268

Түркістан облысында тағы бір үлкен той тоқтатылды

Түркістан облысында 100-ге жуық адамды жинап, бесік той өткізіп жатқан тұрғын анықталды,...
29061005 704266346630632 4407766528558209463 o

Қазақстан жастарына этномәдени дәстүрді сіңіруіміз қажет – Әділбек Ыбырайымұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» атты республикалық семинары өтті. Аталған...

Жаңалықтар

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

Белгілі әнші Толқын Забирова коронавирус індетін екінші рет жұқтырып алды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. «Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның...

Әлеуметтік желі теріс діни ағымдардың насихаты үшін таптырмас алаңға айналып отыр

Ислам атын жамылған деструктивті діни ағымдардың белсенді дамуы, әдетте, белгілі бір тарихи оқиғалар мен саяси жағдайларға тұспа-тұс келеді. Еліміз соңғы онжылдықта әртүрлі саяси-тарихи кезеңдерді...

Интернетте деструктивті діни материалдарды таратқандарға қандай жаза қолданылады – маман пікірі

Мади  Тайпин,  Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының директоры: -   Мади Шойынбекұлы, әңгімемізді бастамастан бұрын орталықтың жұмыс барысына тоқталып өтсеңіз. Елордадағы діни ахуал қалай? -   Біздің...

Б.Байбек: «Болашақ» бағдарламасы – Елбасының сәтті іске асырған жобасы

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған мамандардың ел дамуына қосқан үлесі зор екенін айтады. Бұл туралы ол саясаткер...

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастаған

Алматыда белгісіз біреулер иттің төрт сирағын кесіп тастап, мазақ етті, деп хабарлайды Liter.kz.   "Медеу аумағында "маньяк" бар. Иттің төрт сирағын, сіңірлерін, мұрынын кесіп тастады. Ол...

«Тұрғын үйлерді бұзуға тура келеді». Алматыда жаңа экологиялық орталық салынбақ

Алматыда экологиялық инновациялар орталығын салу үшін "Қазақфильм" студиясының жанындағы тұрғын үй алабын бұзу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ⠀ Үйлерді бұзуға тура келетіні әкімдіктің презентациясында көрсетілген. ⠀ Алматы әкімдігінің...

Ақмола облысында бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті

Целиноград аудандық партия филиалына қарасты «Родина» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Бұл ұйымда 4 партиялық топқа біріктірілген 133 партия мүшесі бар. Іс-шара барлық карантиндік...

Түркістан облысында тағы бір үлкен той тоқтатылды

Түркістан облысында 100-ге жуық адамды жинап, бесік той өткізіп жатқан тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Созақ АПБ-ның қызметкерлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау...

Семей қаласының аумағы кеңеймек

Семей әкімдігі қалалық мәслихатпен бірлесіп "Семей қаласының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы" қаулысын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz. Қаланың шекарасы үш елді мекенді қосу есебінен...

Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында партияның ұйымдастыруымен Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Аталған жиынға Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің...

«Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының есептік жиналысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес 1300-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымында есептік-сайлау жиналысы...

Әнуарбек Байжанбаевтың шеберлігі

Қазақ радиосының тарихына ой жүгіртсек, есімізге ең бірінші Әнуарбек Байжанбаевтың есімі оралатыны сөзсіз. Әнуарбек Байжанбаев өмір бойы Қазақ радиосында диктор болып қалың жұртшылыққа кеңінен...

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиында БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта орындалуы тиіс мәселелер...

Қазақстан жастарына этномәдени дәстүрді сіңіруіміз қажет – Әділбек Ыбырайымұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» атты республикалық семинары өтті. Аталған онлайн жиында Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы «Қазақ  ұлтынан этностардың...

Келелі жиын – келешек үлесі

Өткен апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрбір жиынның астарында ел болашағын жарқын ету, келешегін кемелдендіре түсер мақсат бар. Нақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары...

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен босатылды

Лондондағы "Тоттенхэм Хотспур" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен кетті. Бұл жаңалықты vesti.ru сайты Тhe Athletic-тің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Моуриньо 2019...

Әскери қайраткер Ким Серікбаев қайтыс болды

Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды. Қайғылы хабарды Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық...

«Тоқтықтан»: Асты аяқ асты еткен челлендж жұртты ашуландырды (видео)

Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі кезекті челлендж Facebook қолданушыларының наразылығын тудырды. Челленджге қатысқан жасөспірімдер тамақты аяқпен таптаған. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Мұның арты жақсы болмайды....

Қазақстандық дизайнер Нұр-Сұлтанда Сақ алаңын салуды ұсынды

Отандық сәулет дизайнері Мансура Жәкен қазақстандық қалалардың бейнесін қазақтардың этникалық стилінің элементтерімен қайта жасауды ұсынды. Оның пікірінше, астанада "аң стилінде" сәнделген және ежелгі сақ...

Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон паркінен 66 шам ұрланған. Полицейлер екі жүргізуші мен көше мен саябақты жарықтандырумен айналысатын ЖШС монтерін күдікті деп танып отыр, деп хабарлайды...

Ұлттық банк коллекциялық монеталар сатылатын интернет-дүкенді іске қосты

Ұлттық банк интернет-дүкеннің жұмысын пилоттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Қазақстан Ұлттық Банкі 19 сәуірден бастап коллекциялық монеталардың онлайн саудасын жаңарту үшін пилоттық...

Мүмкіндігі шектеулі Қазақстандық әйел Эверест шыңын бағындырды

Мария Әуезова Эверестің биіктігі 5364 метр болатын шыңын бағындырды. Мариямен бірге бірге күйеуі мен тәлімгері де тауға бірге шыққан - деп хабарлады sxodim.astana Instagram...

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заңға қол қойды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.  Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен...

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы...

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолдың қаупі туралы айтты

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолды шамадан тыс қолдану қауіп тудыруы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды ВЗГЛЯД басылымы. Дәріні шамадан тыс қолданудың белгілері -...

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев – 1970 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе...

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО)...

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Рәпіл Жошыбаев –  1963 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысында...

Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол сапасының сын көтермегені үшін бірқатар  шенеуніктер жазаланған, - деп хабарлайды BaigeNews.kz  "2021 жылы Жол инспекциясы бөлімшелері...

«Қазақстан темір жолының» БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры тағайындалды

Қайсар Жұмабайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды.«ҚазАқпарат» агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратты Қайсар Жұмабайұлының өзі растады. Қайсар Жұмабайұлының...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Президент жарлығымен жаңа елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы бойынша Қырғыз Республикасындағы, Бельгия Корольдігіндегі және Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. Хабарламаға...

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды akorda.kz. «Әкеңіздің...

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріп, бірнеше бөлікке бөлінді, – деп жазды Sky News. 2017 жылы Антарктика жартылай түбегінің мұздығынан ажыраған кезде оның ауданы 5800...

Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты мәлімет берді. 17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмған. Оның 22 КВИ+, бір адам...

Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Бүгін, 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  еліміздің шетелдегі бірқатар төтенше және өкілетті елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қайрат...

Павлодарда қарағай орманынан шыққан өрт мың гектарға жетті

Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмысы жалғасуда. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті. «Галкин ауылдық округінің екі елдімекеніне қауіп төнді. Бірақ оның алдын...

«Кездесуге шақырамын». Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты

Әнші Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бойжеткеннің видеосын жариялап, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды деп жазады...

Ерлан Саиров: Шекараны жергілікті халықтың ыңғайына оңтайландыру амалын қарастыру абзал

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырау облысындағы Көптоғай ауылының тұрғындарын алаңдатқан Қазақстан-Ресей шекарасына қатысты мәселеге орай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. «Атырау облысы, Құрманғазы...

Ерлан Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6...

Жамбыл облысында төрт елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартты. Осы төрт елді мекендегі 22 дүкен иелері ішімдік сатуға берілген...

Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдайы...

Қазақстан Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, – деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметінің мәліметі. Ал соңғы 11 жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Бекжан...

Келіссөз жүріп жатыр: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, – деп жазды Sports.kz. Алғашқы болып...

Қызылордада қолдан жасалған құрттан есірткі табылды

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемедегі қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды. Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің...

19 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1960 жылы 19 сәуірде Бұқтырма су қоймасын толтыру басталды. 1993 жылы Алматыдан Түркияның Трабзон қаласына алғашқы жолаушылар әуе рейсі ұшырылды. Бортында 120 турист болған...

Өткен тәулікте 2700-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады  coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 436, Алматы қаласы - 665, Шымкент қаласы - 114,...

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті қамауға алынды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін...

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста есімдері төменде аталған балуандар жеңіс тұғырына көтерілді: 57 келі: 1. Құмар Рави (Үндістан), 2. Әлиреза Сарлақ (Иран),...

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласын Ақмола облысының Қоғалжын ауданымен байланыстыратын тасжол бойындағы саяжайдан өрт шықты. Бұл туралы саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов facebook парақшасында жариялады. «Қорғалжын тасжолы бойындағы саяжайлар өртеніп...

Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды

Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ғазиза Мәкешқызы өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады. Ол...

Нобель сыйлығының бес лауреаты Навальный ісі бойынша Путинге ашық хат жолдады

Францияның Le Monde басылымы және британиялық The Economist журналы әлем жұлдыздарының Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатын жариялады.  Онда танымал адамдар колонияда отырған оппозиционер...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Лукашенко вакцина алғысы келмейді

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы tass.ru хабарлады. Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында өткен тексерісте оның қанында антиденелердің жеткілікті...

Шыңжаңдық тағы бір қандасымыз Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстанның Алматы қаласында өткен күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирінен жақсы жаңалық келді. Шыңжаң өлкесінен шыққан Уәлихан Серікұлы 60 келі салмақта грек-рим күресінен өнер көрсетіп, Токио...

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, бейжай қалмауға шақырған видеолар таралуда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. «2021...

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері түрлі жаңа лауазымдарға тағайындалды. Қазақстанда 12-18 сәуір аралығында болған кадрлық ауыс-түйіске «ҚазАқпарат» агенттігі шолу жасады. Апта басында...

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зілзаланың эпицентрі...

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни...

Өмірзақ Шөкеев қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ақсақалдармен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз...

Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда. «2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында...

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің...

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Директорлар...

Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында болған. «Анықталғандай, қарғын су шайып...

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады....

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының...

Тәулік статистикасы: 641 науқастың жағдайы ауыр, 22 адам қайтыс болды

Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294...

Жағдай әлі күрделі: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдай...

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі...

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі

Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман,...

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция...

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына қаражат қайдан бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. «Қалада республика...

Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара...

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат....

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды…

«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды...

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық кеңестер бақылайды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы...

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы...

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды....

Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып,...

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен...

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...