Жастарға пайдалы орталық

Жастарға пайдалы орталық

Жастарға пайдалы орталық
ашық дереккөзі
325
Алматы облысының Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы аудандық орталық кітапханасында «Коворкинг» орталығы ашылып, тұсауы кесілді. Осы күні ауданда ІТ сынып та ашылды. Салтанатты рәсімге қатысқан аудан әкімі Жандарбек Далабаев пен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров қызыл лентаны қиып, ыстық ықыластарын білдірді. Жаңа оқырман орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына орай ашылды. Заманауи талапқа сай жабдықталған ұжымдық кеңсе, әсіресе, белсенді жастарға тиімді, әрі пайдалы болып жасалған. «Жалпы, коворкинг орталығында бос уақытын тиімді пайдаланам деушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда шахмат, дойбы сияқты зияткерлік ойындардан басқа, ғаламтор арқылы қажетті ақпараттарды алып, электрондық кітаптарды оқи алады. Коворкинг орталықтарының ашылуы – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге негіздеу мақсатында қолға алынуда. Кітапханалар оның ішінде ауылдардағы кітапханалар жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғылармен жабдықтап, цифрлы жобалар енгізу – бүгінгі күннің талабы. Кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығына айналуына бағытталып отыр», – дейді партияның Қарасай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Далабаев.

Серіктес жаңалықтары