«Әр Мұсаға бір перғауын»

«Әр Мұсаға бір перғауын»

«Әр Мұсаға бір перғауын»
ашық дереккөзі
Мысыр археологтары аса маңызды жаңалық ашты. Олар 4400 жыл бойы құпия сырын бүккен көне абыздың мазарын тапты. Египеттің көне ескерткіштер жөніндегі жоғары кеңесінің бас хатшысы Мұстафа Вазири бұл жаңалықты «соңғы онжылдықтағы ерекше ашылым» деп атады. Каирден 30 шақырым жерде орналасқан Саккара елді мекеніндегі пирамидалар кешенінде табылған қабірде түрлі-түсті иероглифтер мен перғауын мүсіндері өте көп. Көркем фрескаларда қабірдегі бас діни қызметкер Ватая мен оның анасы, әйелі және басқа да туыстары бейнеленген. Археологтар бұл жерден көптеген қызықты заттарды, соның ішінде саркофагтарды табамыз деп үміттеніп отыр.