КӨКШЕДЕГІ ЖАҢА ЭЛЕВАТОР

КӨКШЕДЕГІ ЖАҢА ЭЛЕВАТОР

КӨКШЕДЕГІ ЖАҢА ЭЛЕВАТОР
ашық дереккөзі
Көкше жерінде жаңа элеватор іске қосылды. Станционный кентінде ашылған «Агро KZ ‒ 2017» ЖШС элеваторының қуаты 18 мың тонна астықты қабылдауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, астықтың ылғалдылығы мен температурасын бақылайтын жүйе, кептіргіш жəне желдеткіш қарастырылған. Серіктестік басшысы Юрий Дурников элеватор автокөлік жəне теміржолдың бойында орналасқандықтан астықты қабылдап, жөнелтуге ыңғайлы екенін айтады. «Біз жақын маңдағы шаруалардың астығын қабылдап, Қазақстанның өзге өңірлері мен Ресейге экспортқа жөнелтетін боламыз», ‒ дейді «Агро KZ -2017» ЖШС директоры Юрий Дурников. Жаңа элеватор жергілікті 20 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.