Дін саласы бойынша журналистерге арналған тренинг

Дін саласы бойынша журналистерге арналған тренинг

Дін саласы бойынша журналистерге арналған тренинг
ашық дереккөзі
352
2018 жылы 7 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған оқыту тренинг өткізді. Тренинг журналистерді арнайы дағдыларға оқыту және дін саласындағы ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша тиімді жұмыс тәжірибесімен алмасу және дін саласындағы тақырыптарға қатысты мәселелерді ақпараттық тұрғыдан іске асыру бағыттарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.  width= Іс-шараның ашылуында сөз алған Қоғамдық келісім комитетінің жетекшісі Жанаханов Қайсар Қадырұлы қоғамдық пікір және деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыруда БАҚ өкілдерінің рөлі ерекше екендігін атап өтті. Сонымен қатар, ол қазақстанның конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту саясатын қолдауға, сондай-ақ радикалды діни ағымдардың идеяларына қарсы тұруға және халық үшін қажетті иммунитет қалыптастыруға, дәстүрлі рухани құндылықтарды және зайырлылық қағидаларын ілгерілетуге БАҚ белсене қатысуға шақырды. Тренингте діни экстримизм мен терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимылдағы БАҚ-тың рөлі мен міндеттері туралы ҚР ҰҚК Академисының Терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері, сарапшы-саясаткер Иржанов Руслан Самарханұлы және  БАҚ- дағы әлемдік және дәстүрлі діндер жайлы қызықты фактілер жайлы бұқаралық және корпоративті коммуникациялар жөніндегі маман Рүстем Рахимов баяндап берді. Тренинг барысында журналистер пікір алмасты, ұсыныстарды ортаға салды, дін саласындағы қазіргі мәселелерді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау әдістерін талқылады. Іс-шара қатысқандарға сертификаттар табыс етіліп, БАҚ-да діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты үздік ақпараттандырған журналистер марапаталды.

Серіктес жаңалықтары