«Бақыт» номиналы – 500 теңге

«Бақыт» номиналы – 500 теңге

«Бақыт» номиналы – 500 теңге
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2018 жылғы 5 желтоқсанда күмістен жасалған 500 теңгелік коллекциялық монеталарын айналымға шығарды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды. Онда        Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ • РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің логотипі орналасқан. Логотиптің сол жағында «С.АЙТБАЕВ», оң жағында «БАҚЫТ» деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Сол жағында соғылған жылын білдіретін «2018» деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925» және «31,1 g» деген жазбалар бар. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) "Бақыт" картинасының миниатюрасы бейнеленген, оның авторы – Қазақстанның суретшісі және Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Салихитдин Айтбаев. Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып дайындалған. Монета шаршы пішіндес 37х37 мм. Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана. Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ, банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.