Көзі жасқа толы дельфиндер

Көзі жасқа толы дельфиндер

Көзі жасқа толы дельфиндер
ашық дереккөзі
Жаңа Зеландиядағы Стюарт аралының батыс бөлігінде 150-ге жуық қара дельфин су қайтқанда таяз жерде қалып қойып, өмір үшін жанталасқан.  Жартысына жуығы табылғанға дейін өліп кеткен. «Өкінішке қарай, қалған дельфиндер қайтадан тіршілік етуі мүмкін, бірақ олардың аман қалу ықтималдығы аз», – деді Жаңа Зеландияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілі Рен Леппенс. Жалпы, Жаңа Зеландия аралдарында киттер мен дельфиндер жағаға жиі шығып қалады. Ал ғалымдар теңіз сүтқоректілерінің  жаппай өлімінің себептерін әлі де іздестіруде. «Бұл менің өмірімдегі ең сұмдық түн болды». Жаңа Зеландияның шалғай жағалауына шығып қалып, қырылған 145 дельфинді тауып алған Лиз Карлсон сол сәтті осылай еске алады. «Бұл менің миыма сыймайды. Біз күн батар кезде жағалауға келіп, ерекше бірдеңені көрдік. Біз олардың дельфин екенін түсінгенде, заттарымыздың бәрін лақтырып, суға қарай жүгірдік», – деді көз жасын тоқтата алмаған Лиз Карлсон Би-би-си телеарнасына берген сұхбатында.