Ұлы дала баршаны қызықтырды

Ұлы дала баршаны қызықтырды

Ұлы дала баршаны қызықтырды
ашық дереккөзі
«Ұлы даланың жеті қыры» Түркияның Önce Vatan газетінде жарияланды Түркияның Önce Vatan газеті Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының толық мәтінін жариялады. Önce Vatan – Түркиядағы беделді газеттердің бірі. Таралымы 30 мыңға жуық. Мақаланы түрік тіліне Халықаралық Түркі академиясы аударған. Ал жариялауға мұрындық болған – аталмыш газеттің бас редакторы Кемал Саллы. Еске салайық, Кемал Саллы биыл Түркістанда Исмаил Гаспаралы сыйлығымен марапатталған еді. Халықаралық түркі академиясы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын бұған дейін моңғол, татар, мажар, корей секілді он тілге аударған. Академияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жұмыстар әлі де жалғасады және мәтіндер халықаралық ұйымның ресми сайтында жарияланады.