Сылтауы таусылмайтын «Роскосмос»

Сылтауы таусылмайтын «Роскосмос»

Сылтауы таусылмайтын «Роскосмос»
ашық дереккөзі
255
Таяуда халықаралық ғарыш станциясына «Прогресс МС-10» жүк кемесін жеткізуге арналған «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Ресейдің «Роскосмос» мекемесі зымыранның ұшырылған сәтін YouTube арқылы тікелей желіде көрсетті. Бұл өткен айда Байқоңырдан ғарышқа аттанған «Союз-ФГ» зымыран тасығышы апатқа кезіккен соң ұшырылып отырған алғашқы зымыран. Ұшуды басқару орталығы зымыранның барлық жүйелері қалыпты жұмыс істеп тұрғаны және үш сатысы түгелдей сәтті ажырағаны туралы хабарлады. Кеме ғарыш станциясына 2,5 тоннаға жуық жүк жеткізбек. Әу баста «Прогресс» жүк кемесі қазанның 30-ында ұшырылады деп жоспарланған. Бірақ «Союз-ФГ» зымыраны апатынан кейін оны ұшыруды кейінге қалдырған. Қазанның 11-і күні Байқоңырдан «Союз МС-10» кемесін тіркеп ұшқан «Союз-ФГ» зымыран тасығышы апатқа ұшыраған. Әуеге көтерілген соң көп ұзамай апаттық жүйе іске қосылып, ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг отырған капсула Байқоңырдан шамамен 500 шақырым қашықтыққа қонған. «Роскосмос» мәліметінше, апат зымыранның бірінші және екінші басқышын ажырататын датчиктің дұрыс жұмыс істемеуінен болған. Ал Қазақстан Ресейдің «Союз-ФГ» зымыранының құлауынан келген шығын құнын мұқият есептеп, нәтижелерін Мәскеуге жіберді. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде апат салдарын зерттеуге байланысты құрылған комиссия төрағасы Юрий Ильин мәлімдеді. «Зымыран-тасымалдаушы құлағаннан уландыратын зат анықталмаған. Ал ауада жанған керосиннен бүгінгі күні ешқандай қауіп-қатер жоқ», – деді Юрий Ильин. Улы заттың анықталмағаны қаншалықты рас екен?

Серіктес жаңалықтары