«Қаны бір елім, жаны бір елім»

«Қаны бір елім, жаны бір елім»

«Қаны бір елім, жаны бір елім»
ашық дереккөзі
413
Қазақстандағы Өзбекстан жылы да аяқталып келеді. Аталған шара аясында түрлі іс-шаралар өткізіліп, бауырлас халықтарды одан әрі жақындастыра түсуде. Бұл туралы Елбасы: «Өзбек халқы – біздің жақын көршіміз, Орталық Азиядағы үлкен мемлекеттердің бірі. Сондықтан Өзбекстанмен байланыс біз үшін қашанда маңызды» деп атап өткен-ді. Екі елдің мәдени бауырластығын жаңғыртып, экономикалық байланыстарын нығайта түсетін жыл ресми түрде 15 наурыздан басталды. Осыған орай, Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Қаны бір елім, жаны бір елім» атты концерт өтті. Шараның мақсаты – Навои облысы мен Сыр елі халқының достығын одан әрі дамыту, өзбек халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, түрлі этностардың рухани және эстетикалық құндылықтарына толерантты көзқарас қалыптастыру және ұлтаралық қатынастарды нығайту. Қазақ пен өзбек – бауырлас халықтар. Бүгінде қазақ-өзбек арасындағы достықтың сан ғасырлық дәстүрі сақталып, тамыры тереңге жайылды. Сыр еліне Навои облысынан 20-дан астам өнерпаздар келді. Салтанатты кеште Өзбекстандағы қазақ әншілерінің әндері шырқалып, өзбек халқының ұлттық билері орындалды. Осылайша, айтулы шарада өнерпаздар Сыр аспанын әнмен көмкерді. Мұндай шаралар бауырлас халықтардың татулығын одан әрі берік етуге септігін тигізеді. Елдер арасындағы тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз достық қарым-қатынастарымыздың маңызды факторы. Өзара бірліктің сипатын көрсетеді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен тату көршіліктің символы ретінде ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға  және мәдени-өркениеттік тұрғыдан жақындасуына зор үлес қоспақ.

Серіктес жаңалықтары