Ауыл шаруашылығы кооперациясы дамиды

Ауыл шаруашылығы кооперациясы дамиды

Ауыл шаруашылығы кооперациясы дамиды
ашық дереккөзі
637
Соңғы кезде ауылшаруашылығы саласын дамыту мәселесі өзекті. Соған орай қабылданған Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті АӨК өнімін өндіруді қамтамасыз ету. Оның негізгі басымдықтары – ішкі нарықты толықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту, ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына барынша тарту, мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын, су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникалық және химияландыру құралдарымен қамтамасыз етуді арттыру. Мемлекеттік бағдарламаның бұрынғыларынан басты өзгешелігі – онда ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға басты назар аударылған. Осылайша, барлығы 5 жыл ішінде 500 мың жеке қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа ферма қожалықтарын ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту жоспарланып отыр. Кооперативтер келесі бағыттар бойынша құрылуда – сүт, ет, жеміс, көкөніс және т.б. жинау. Кооперативтер орталықтандырылған түрде мал сою, ветеринария, азық дайындау, агрохимия, өнімді қайта өңдеу және сауда нысандарына жеткізу бойынша қызметтерді көрсететін болады. Көрсетілген шаралар қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін орта есеппен 30 пайызға арттыруға және өндіруші мен тұтынушы арасындағы сауда үстемесін төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мал шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемдерін ұлғайту үшін елдік азықтық теңгерім әзірленеді. Құрама жем өндірісі 1,3 млн тоннаға және құрама жем зауыттарын қосымша жүктеу 48 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылады. Су басқан жайылымдардың алаңы 18 млн гектарға кеңейтіледі. Өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемдерін ұлғайту мақсатында егісті 2 миллион гектардан астам алқапта әртараптандыру жүргізілетін болады. Сондай-ақ, арпа, сұлы, дәндік жүгері, майлы, азықтық және басқа дақылдардың егістері ұлғайтылады. Агрохимияға, минералдық тыңайтқыштарды 1,5 есе енгізуді ынталандыруға және сапалы сорттық тұқымдар егістері алқабының үлесін 2 есеге дерлік ұлғайтуға ерекше назар аударылатын болады. Сапалы тұқымдарды пайдалану көзделген сома шегінде субсидиялау тетігін жетілдіру есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын тиімді пайдалану үшін АӨК субъектілерін субсидиялаудың және оларға «ҚазАгро» арқылы несие берудің қазіргі жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілді. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ кредиттік саясаты саланың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер есебімен түзетілді. Осылайша, кредиттік ресурстармен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барлық санатта қамтылуын кеңейту жоспарланған. Бірінші тәртіпте, кредиттік өнімдер ауыл шаруашылығы кооперативтеріне, шағын және орта агробизнеске бағдарланады. Енді көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына несие беру саясаты қайта қаралып, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін соңғы мөлшерлеме 6 пайыздан аспайды. Сондай-ақ, шешім қабылдаудың айқындылығы мен субсидиялар және кредиттер беру тәртібін оңтайландыру мақсатында, субсидиялау және кредиттеу үрдістерінің автоматтандырылуы енгізілетін болады. Жаңа мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде АӨК субъектілерінің техникалық жабдықталу деңгейін жоғарылату бойынша шаралар қайта қаралды. Мұнда соңғы уақытта ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңартуда ірі агрохолдингтердің қымбат импорттық техника сатып алуы жағына диспаритет қалыптасқанын атап өткен жөн. Бұл жалпы АӨК бойынша машина-трактор паркі мен ауыл шаруашылығы жабдықтарының жаңару үрдістерінің бәсеңдеуіне себеп болды. Жағдайды түзету үшін инвестициялық субсидиялар нормативтері бағасы қымбат емес техникаға бағдарланатын болады. Сол сияқты мал шаруашылығын дамыту, оған қажетті жем-азық мәселесін шешу мақсатында Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен мал азықтық дақылдардың егіс алқабын ұлғайту жөнінде индикативті көрсеткіштер бекітілген. Осы міндетті орындауды қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктері арасында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы құрылымын әртараптандыру бойынша меморандумдар жасалып, 2016 жылмен салыстырғанда 2021 жылға мал азықтық дақылдардың егіс алқабын 27,5 пайызға, оның ішінде сүрлемдік дақылдарды 2 еседей, біржылдық шөптерді – 34,9 пайыз, көпжылдық шөптерді 19,9 пайызға арттыру көзделді. Әртараптандыруды қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада басымды дақылдар өндіруді, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіру арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың бірталай шаралары көзделуде.  

Серіктес жаңалықтары