15 Қараша 2018, 15:39 711 0 Технологиялар Аяулым САЛЫҚЖАНОВА

QR-код келген өңір

Сыр өңіріндегі мәдени және тарихи ескерткіштерге QR-код орнатылды. Енді аймаққа келген мейман ғаламтор арқылы әрбір ескерткіш жайында жан-жақты мағлұмат ала алады.

Аталмыш игілікті іс «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы негізінде қолға алынып отыр. Қазіргі таңда өңірде осындай тақтайшалар  саны 150-ге жетті. Ал Қызылордада 40-қа жуық.

«QR-код, яғни «Quick Response» қазақ тілінде «шұғыл жауап» деген мағынаны береді. Бұл – мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін екі өлшемді штрих-код. Оның көмегімен интернет желісін қолдану мүмкіндігі бар жерлерде ескерткіш туралы кез келген мәліметті алуға болады. Аталмыш бағдарлама бойынша туристер тек қажетті мағлұматтарды алумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, сол орында еркін бағдарлап жүре алады», – дейді облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекеме басшысы Сапар Көзейбаев.

Тарихи және мәдени ескерткіштер жөніндегі ақпараттар әзірге қазақ және орыс тілдерінде. Келешекте ол ағылшын тілінде де жасалатын болады. Сондай-ақ, қала көшелеріндегі аялдамаларда да сондай ақпараттар беріледі. Бұл халықтың ескерткіштерге деген қызығушылығын одан әрі арттыра түспек.

Соңғы жаңалықтар