Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Таразға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Үкімет басшысының сапар бағдарламасында бірқатар өнеркәсіптік өндірістерге, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарға баруы жоспарланған. Атап айтқанда, Премьер-Министр азық-түлік өндірісі кәсіпорындарын, «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында жаңа 15-ші шағынауданның құрылысын, дарынды балаларға арналған IT-лицей-интернатын, қалалық Жұмыспен қамту орталығын, Политехникалық колледжді, Қайрат Рысқұлов атындағы жаңартылған саябақты көреді.